22 шіл, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы тағы өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2 теңгеге көтеріліп, 483,88 теңгеге тең болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 22 шілдедегі ресми бағамы - 482,04 теңге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 482,91 теңге, сату - 487,31 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 481,16 теңгеден сатып алынып, 485,31 теңгеден сатылып жатыр.