Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1, 50 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 41 теңге болды.
Ұлттық банктің 6 қыркүйектегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 424,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,05 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,56 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,62 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,88 теңге.