Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 21 сәуірмен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 432, 26 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 432, 01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 433,36 теңгеден сатылса, сатып алу - 431,82 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 432,76 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 431,66 теңге.