19 мам, 2022 сағат 16:42

Доллар бағамы тағы да төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 431,41 теңге болды. 

АҚШ валютасының 19 мамырдағы ресми бағамы 432,69 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 430,67 теңге, сатып алу – 435,50 теңге. 

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 431,30 теңге болса, сатып алу құны – 434,57 теңге.