Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 13 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,34 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 70 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,14 теңге, сатып алу – 426,69 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,16 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 25 теңге.