22 мау, 2021 сағат 12:46

Доллар бағамы тағы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 21 маусым кешімен салыстырғанда 1,51 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 78 теңге болды. 

Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,23 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427, 09 теңге, сатып алу – 425, 47 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426, 94 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 425, 68 теңге. 

Айта кетейік, мамыр айында мұнай бағасының қалыпты өсуі мен салық төлемдері кезеңінде теңге нығайды. Ол 0,1% -ға қымбаттап, бір доллар 428,71 теңгені құрады.