03 ақп, 2023 сағат 16:40

Доллар бағамы сәл төмендеді

Фото: ИА «NewTimes.kz»

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,97 теңгеге төмендеп, 458,69 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 3 ақпандағы ресми бағамы 459,92 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 459,45 теңге, сату – 463,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,66 теңгеден сатып алынып, 462,61 теңгеден сатылып жатыр.