23 қыр, 2022 сағат 17:01

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 479,42 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23 қыркүйектегі ресми бағамы - 481,29 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 480,64 теңге, сату – 484,58 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,63 теңгеден сатып алынып, 481,89 теңгеден сатылып жатыр.