Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 472,47 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 6 қыркүйектегі ресми бағамы 472,63 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 471,93 теңге, сату – 476,09 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,92 теңгеден сатып алынып, 475,99 теңгеден сатылып жатыр.