20 шіл, 2022 сағат 16:44

Доллар бағамы сәл өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге өсіп, 481,20 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 20 шілдедегі ресми бағамы - 480,36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 481,88 теңге, сату - 486,23 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,65 теңгеден сатып алынып, 482,82 теңгеден сатылып жатыр.