Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге өсіп, 480,16 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 27 шілдедегі ресми бағамы 479,83 теңгеге тең еді.