Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 тиынға артты.
Осылайша бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 74 теңге болды. Ал Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы бойынша доллар 449, 53 теңге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 450, 79 теңге, сатып алу – 453, 96 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 449, 91 теңгеден болса, сатып алу құны – 453, 46 теңге.