Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 қараша кешімен салыстырғанда 0,83 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 429, 36 теңге болды.
Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 428, 51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,56 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 06 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,46 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 58 теңге.