04 қар, 2022 сағат 16:42

Доллар бағамы сәл көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,58 теңгеге көтеріліп, 464,45 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 4 қарашадағы ресми бағамы - 463,60 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 464,94 теңге, сату – 469,02 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,40 теңгеден сатып алынып, 468,07 теңгеден сатылып жатыр.