02 қыр, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы сәл көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге көтеріліп, 472,47 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 2 қыркүйектегі ресми бағамы - 471,43 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,64 теңге, сату – 475,88 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,18 теңгеден сатып алынып, 474,30 теңгеден сатылып жатыр.