Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандап, 432, 69 теңге болды.
Ал АҚШ валютасының 18 мамырдағы ресми бағамы 432, 79 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 53 теңге, сатып алу – 438, 72 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.