15 там, 2022 сағат 17:07

Доллар бағамы өзгере қойған жоқ


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 476,18 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13-15 тамыздағы ресми бағамы - 476,01 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 475,93 теңге, сату - 480,99 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,74 теңгеден сатып алынып, 477,88 теңгеден сатылып жатыр.