Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,79 теңгеге көтеріліп, 454,11 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 22 маусымдағы ресми бағамы 447,93 теңгеге тең еді.