11 сәу, 2022 сағат 16:45

Доллар бағамы өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,49 теңгеге артты. 

Осылайша бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 53 теңгеге тең болды. 

Ал, Ұлттық банктің 11 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 89 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 454, 56 теңге, сатып алу – 457, 50 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 452, 65 теңгеден болса, сатып алу құны – 455, 65 теңге.