12 қаз, 2021 сағат 12:23

Доллар бағамы өсті


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 11 қазан кешімен салыстырғанда 0,54 өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425, 09 теңге болды. Ұлттық банктің 12 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424, 53 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,99 теңгеден сатылса, сатып алу – 426,45 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425, 10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426, 16 теңге.