Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,28 теңгеге көтеріліп, 477,46 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 8 қыркүйектегі ресми бағамы - 473,10 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 474,89 теңге, сату – 479,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,21 теңгеден сатып алынып, 478,24 теңгеден сатылып жатыр.