07 сәу, 2021 сағат 09:26

Доллар бағамы қымбаттап, 430 теңгеден асты

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 сәуір кешімен салыстырғанда 1,56 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 430,69 теңге болды. 

Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,10 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 431,87 теңге сатылса, ал сатып алу - 430,35 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 431,45 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 27 теңге.

Айта кетейік, АҚШ доллары үш күн қатарынан қымбаттап жатыр. Кеше доллардың орташа бағамы 427,39 теңге болған еді.