Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,72 теңгеге төмендеп, 462,01 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 11 қарашадағы ресми бағамы - 469,42 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 464,29 теңге, сату – 468,71 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алынып, 466,29 теңгеден сатылып жатыр.