Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,19 теңгеге төмендеп, 461,98 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының бейсенбідегі ресми бағамы 461,98 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 466,81 теңге, сату – 472,25 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,05 теңгеден сатып алынып, 469,44 теңгеден сатылып жатыр.