Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460,95 теңге болып, бірден 9,23 теңгеге төмендеді. АҚШ валютасының 27 маусымдағы ресми бағамы 470,90 теңгеге тең еді.
Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 458,38 теңге, сатылымда - 462,89 теңге. Нұр-Cұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 456,23 теңгеден сатып алып, 460 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 8,66 теңге болып, 0,19 теңгеге төмендеді. Ал рубльдің 27 маусымдағы ресми бағамы 8,83 теңге болған еді.
787 рет оқылды