Доллардың теңгеге қатысты бағамы күрт арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 9, 93 теңгеге төмендеді.
Осылайша, бір АҚШ долларының орташа бағамы 495, 43 теңгеге тең.
Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 492 теңге, сатып алу – 496 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңгеден болса, сатып алу құны – 496 теңге.