Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,78 теңгеге көтеріліп, 465,08 теңгеге тең болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.