18 сәу, 2023 сағат 17:27

Доллар бағамы көтерілді

Фото: © AFP 2023 / Yasin Akgul 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 2,35 теңгеге көтеріліп, 451,00 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 18 сәуірдегі ресми бағамы - 448,41 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 450,80 теңге, сату – 454,04 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,03 теңгеден сатып алынып, 453, 04 теңгеден сатылып жатыр.