Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,13 теңгеге көтеріліп, 465,95 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 24 қарашадағы ресми бағамы - 462,65 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 464,32 теңге, сату – 467,63 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,60 теңгеден сатып алынып, 465,75 теңгеден сатылып жатыр.