18 мау, 2021 сағат 12:20

Доллар бағамы көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, 17 маусымның кешімен салыстырғанда доллар 0,91 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427,70 теңге болды. 

Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 77 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428, 76 теңге сатылса, ал сатып алу - 427, 22 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,35 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,22 теңге.