Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Kurs.kz.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 18 қаңтар кешімен салыстырғанда доллар 0,31 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 420,66 теңге болды.
Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 420,29 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,49 теңге сатылса, ал сатып алу - 419,95 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,14 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 420,02 теңге.