31 нау, 2021 сағат 10:00

Доллар бағамы қайтадан қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 30 наурызбен салыстырғанда 0,34 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 424,74 теңге болды. 

Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы: 1 доллар - 424,34 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,57 теңгеден сатылса, сатып алу - 423,02 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 423,46 теңге.