12 қыр, 2022 сағат 16:38

Доллар бағамы қайта төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қортындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге төмендеп, 471,99 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 10-12 қыркүйектегі ресми бағамы - 473,35 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 473,79 теңге, сату – 478,07 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,95 теңгеден сатып алынып, 476,23 теңгеден сатылып жатыр.