27 там, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы қайта төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,76 теңгеге төмендеп, 468,10 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 27 тамыздағы ресми бағамы 472,20 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 468,72 теңге, сату – 473,09 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,77 теңгеден сатып алынып, 472,31 теңгеден сатылып жатыр.