28 нау, 2022 сағат 16:38

Доллар бағамы қайта төмендеді


Доллар бағамы тағы 5 теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 484,49 теңге болды. Сауда басталғалы доллар бағамы 9,77 теңгеге төмендеді. Таңғы саудада доллар бағамы 489,10 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 477,19 теңге, сатылым - 482,52 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 478,18 теңгеден сатып алады, 483,73 теңгеден сатады.