Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,98 теңгеге көтеріліп, 467,00 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 28 қазандағы ресми бағамы 471,32 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 470,70 теңге, сату – 475,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,76 теңгеден сатып алынып, 473,88 теңгеден сатылып жатыр.