01 там, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы қайта өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге өсіп, 479,51 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 30,31 шілде мен 1 тамыздағы ресми бағамы - 477,09 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 478,91 теңге, сату - 485,04 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,45 теңгеден сатып алынып, 481,54 теңгеден сатылып жатыр.