31 нау, 2022 сағат 12:01

Доллар бағамы қайта өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 наурыз кешімен салыстырғанда 6,34 теңгеге өскен. 

Осылайша АҚШ долларының орташа бағамы 465, 49 теңге болды. 

Ал, Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 558,20 теңге болатын.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461,17 теңгеден сатылса, сатып алу – 466,21 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 462, 97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467, 03 теңге.