11 нау, 2022 сағат 12:05

Доллар бағамы қайта өсті


Доллардың теңгеге қатысты бағамы қайта өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге көтеріліп, 510,26 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, АҚШ долларының 11 наурыздағы ресми бағамы - 509,80 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 513,60 теңге, сатылым - 518,99 теңге. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 516 теңгеден сатып алады, 518,86 теңгеден сатады.