Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 наурыз кешімен салыстырғанда 4,10 теңгеге қымбаттаған.
Осылайша АҚШ долларының орташа бағамы 471, 13 теңгеге тең болды. Ал, Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін - 466, 31 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471,85 теңгеден сатылса, сатып алу – 475,79 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 68 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 474, 79 теңге.