Иллюстрация: REUTERS
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,23 теңгеге көтеріліп, 450,48 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13-15 мамырдағы ресми бағамы 445,99 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 447,40 теңге, сату – 450,80 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,76 теңгеден сатып алынып, 450,89 теңгеден сатылып жатыр.