Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге көтеріліп, 474,95 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 11 қазандағы ресми бағамы - 473,38 теңге тең.
Kurs.kz мәлімтеніше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 475,88 теңге, сату – 480,07 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,71 теңгеден сатып алынып, 478,82 теңгеден сатылып жатыр.