Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге көтеріліп, 473,10 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 7 қыркүйектегі ресми бағамы - 472,47 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,97 теңге, сату – 476,21 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,13 теңгеден сатып алынып, 477,36 теңгеден сатылып жатыр.