31 там, 2022 сағат 16:53

Доллар бағамы қайта көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,10 теңгеге көтеріліп, 472,21 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 28-31 тамыздағы ресми бағамы 468,10 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 471,78 теңге, сату - 476,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алынып, 472,11 теңгеден сатылып жатыр.