Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпрат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,87 теңгеге көтеріліп, 469,26 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 5 шілдедегі бағамы - 464,16 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 464,28 теңге, сату - 471,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алынып, 467,46 теңгеден сатылып жатыр.