Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6 қазан кешімен салыстырғанда 1,02 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 425, 87 теңге болды.
Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 424, 82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,78 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,28 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425, 84 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 01 теңге.