01 қаз, 2021 сағат 12:20

Доллар бағамы қайта көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,08 өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 425, 83 теңге болды. 

Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425, 70 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,64 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,15 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425, 51 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426, 60 теңге.