Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 14 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0, 32 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 23 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 425,82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426, 26 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,73 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,21 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,38 теңге.