Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 9 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0, 54 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 69 теңге болды.
Ұлттық банктің 10 қыркүйектегі ресми бағамы -1 доллар үшін 426,13 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,35 теңгеден сатылса, сатып алу - 427, 88 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,27 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,39 теңге.