28 сәу, 2021 сағат 12:25

Доллар бағамы cәл арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 сәуірдің кешімен салыстырғанда 0,24 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,18 теңге болды. 

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 42 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430,13 теңге, сатып алу – 428,63 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 430,06 теңге.